USB режимін таңдау
Мазмұнды алу не компьютермен қадамдастыру мақсатында USB кабелін
пайдаланғанда жақсы нәтиже алу үшін, тиісті USB кабелі режимін іске қосыңыз.
1 Телефонды үйлесімді компьютер немесе басқа құрылғыға қосу үшін,
үйлесімді USB кабелін пайдаланыңыз.
2 Сұралғанда, төмендегілердің бірін таңдаңыз:
Сыйымды жад ретінде пайдалану — Телефон USB флэш жады ретінде
танылады. Телефонды үй немесе көлік стерео гарнитурасы сияқты басқа да
құрылғыларға қосуға болады.
Компьютерге осы режим арқылы қосылғанда, телефонның басқа
қолданбаларын пайдалану мүмкін болмауы ықтимал. Компьютерді телефонда
сақталған суреттерді, музыканы және басқа да мазмұнды қарау,
қадамдастыру, жылжыту немесе жою үшін пайдалануға болады.
Қадамдастыру және қосылу — Nokia Link бағдарламасы орнатылған
компьютерге қосылдыңыз. Бұл режимде телефонды Nokia Link
бағдарламасымен қадамдастыруға және оның мүмкіндіктерін пайдалануға
болады.
Бұл режим Nokia Link бағдарламасын ашқанда автоматты түрде іске
қосылады.
Кеңес: Телефонды әр қосқан сайын пайдаланылатын әдепкі USB режимін орнату
үшін, және
Көмекші құралдар
>
USB
тармағын таңдаңыз.