Компьютерден мазмұн көшіру
Еш тоқтаусыз жұмысты тамаша бастаңыз. Контактілер, күнтізбе жазбалары
сияқты маңызды ақпаратты жаңа телефонға компьютерден көшіруге болады.
Күнтізбе мен басқа мазмұн Google, Microsoft Exchange немесе Windows Live
есептік жазбасы сияқты онлайн сақталса, есептік жазбаны телефонға қосып,
мазмұнды бұлттан тікелей қадамдастырыңыз.
1
белгішесін басыңыз.
2 Есептік жазбаңызды телефонға қосыңыз.
3 Қадамдастырудың іске қосылғанын тексеріп,
Орындалды
опциясын
таңдаңыз.
Кеңес: Онлайн күнтізбе қолданған жағдайда, оны CalDAV көмегімен
қадамдастыра алатын боласыз.
Контактілер немесе күнтізбе жазбалары сияқты мазмұныңыз компьютеріңіздегі
Outlook ішінде ғана сақтаулы болса, оларды Hotmail есептік жазбаңыздан жаңа
телефоныңызға көшіріп алыңыз.
1 Қалаған мазмұнды Outlook бағдарламасынан Hotmail қызметіне Microsoft
Office Outlook Hotmail Connector көмегімен қадамдастырыңыз. Жүктеп алу
және орнату үшін, оны www.microsoft.com/download торабынан іздеп,
компьютерде көрсетілген нұсқауларды орындаңыз. Осы параметрлердің
қолмен реттелуін таңдау қажет болуы да мүмкін.
2 Мазмұнды Hotmail есептік жазбасынан жаңа телефонға импорттау үшін,
белгішелерін басыңыз және
Есептік жазба қосу
>
Mail for Exchange
тармағын
таңдаңыз.
3 Hotmail немесе Windows Live пошта мекенжайын, пайдаланушы атыңыз бен
кілтсөзіңізді теріп,
Қолмен орнату
опциясын таңдаңыз.
4 Сервер мекенжайы ретінде m.hotmail.com деп теріп,
Орындалды
опциясын
таңдаңыз.