Фотосуретті немесе бейнені теледидардан көру
Телефондағы фотосуреттер мен бейнелерді отбасыңызға және достарыңызға
көрсету керек пе? Телефонды үйлесімді теледидарға қосып, фотосуреттер мен
бейнелерді үлкен экраннан көріңіз.
Nokia бейне байланыс кабелі (бөлек сатылады) пайдалану қажет болады, сондай-
ақ теледидардың шығыс параметрлерін өзгерту керек болуы мүмкін.
Теледидардың шығыс параметрлерін өзгерту
және
Көмекші құралдар
>
Телевизия шығысы
тармағын таңдаңыз.
Телефонға зақым келтіретін сигнал шығаратын өнімдерді қоспағаныңыз жөн.
Шағын гарнитура ұясына қандай да бір кернеу көзін қоспаңыз. Осы телефонмен
бірге қолдану үшін Nokia мақұлдаған түрлерден басқа кез келген сыртқы құрылғы
немесе құлақаспапты шағын гарнитура ұясына қоссаңыз, дыбыс деңгейіне баса
назар аударыңыз.
1 Nokia бейне байланыс кабелін үйлесімді теледидардың бейне кірісінің ұясына
жалғаңыз. Кабель ұштарының түсі ұялардың түсіне сәйкес келуі керек.
2 Nokia бейне байланыс кабелінің екінші жағын телефонның шағын гарнитура
ұясына жалғаңыз.
3 Фотосуретті немесе бейнені таңдаңыз.
Камера және Галерея
79
Кеңес: Теледидарыңыз DLNA мүмкіндігін қолдаса және WLAN желісіне қосылған
болса, фотосуреттер мен бейнелерді кабельсіз көруге де болады.
қараңыз ”
Фотосуреттер мен бейнелерді үйдегі сауық жүйесінен сымсыз түрде көру”
б. 81.