Nokia N9 64GB - Камераға қатысты кеңестер

background image

Камераға қатысты кеңестер

белгішесін басыңыз.

Төменде камераны пайдалану бойынша бірнеше кеңестер берілген.

Камераны бір қалыпты ұстап тұру үшін оны екі қолмен ұстаңыз.

Жақындату үшін дыбыс деңгейі түймелерін немесе экрандағы ұлғайту

сырғытпасын пайдаланыңыз.

Жақындатқан кезде, суреттің сапасы нашарлауы мүмкін.

белгішесін басқаннан кейін сурет түсіру процесін тоқтату үшін,

саусағыңызды белгішесінен аулақ сырғытыңыз да, көтеріп қалыңыз.

Бір минуттай әрекетсіз тұрғаннан кейін, камера батареяны үнемдеу режиміне

өтеді. Камераны қайта іске қосу үшін, экранды түртіңіз.

Жарқылдың қауіпсіз шығуы арақашықтығын ұстаныңыз. Суретке түсіру кезінде

адамдарға немесе жануарларға жарқылды жақындатпай қолданыңыз. Фотосурет

түсіру кезінде жарқылды жаппаңыз.

Фотосуреттер түсіру мен бейнелер түсіру арасында ауысу үшін,

немесе

белгішесін басыңыз.

Жарқыл, көрініс режимдері, кадр пішімі және ажыратымдылық сияқты

камераның параметрлерін өзгерту үшін, параметрлер аймағын

түртіп,

параметрді таңдаңыз.

Әдепкіде, фотосуреттердің кадр пішімі 16:9, ажыратымдылығы 7 мегапиксел

болады. Бұл кадр пішімі фотосуреттерді теледидарда көру үшін ыңғайлы,

себебі қара жиектер болмайды. Ажыратымдылығы 8 мегапиксел болатын

фотосурет түсіру үшін, кадр пішімін 4:3 мәніне өзгертіңіз. Параметрлері

аймағын түртіңіз де, тиісті параметрлерді таңдаңыз.

Фотосуреттер мен бейнелерді NFC көмегімен камерадан тікелей бөлісу үшін,

фотосуретті немесе бейнені экранға шығару керек. Әдепкіде, түсірілген

мазмұн сурет немесе бейне түсірілгеннен кейін көрсетілмейді. Оны шығару

үшін, параметрлер аймағын түртіңіз де, Түсірілген мазмұнды көрсету опциясы

үшін тиісті параметрді таңдаңыз.

Камераға кез келген қолданбадан, тіпті құлыптау экранынан оңай өтуге

болады. Телефонды тігінен ұстап тұрыңыз да, саусағыңызды сенсорлы

экранның төменгі жағынан экранның үстіне сырғытыңыз. Саусағыңызды

жылдам іске қосу тақтасы көрсетілгенше көтермеңіз.