Nokia N9 64GB - Фотосурет түсіру

background image

Фотосурет түсіру

тармағын таңдаңыз.

белгішесін басып тұрыңыз. Көк түсті тік төртбұрыш көрсетілгенде, нысан

фокусқа алынады. Фотосурет түсіру үшін, саусағыңызды көтеріңіз. Түсірілген

70

Камера және Галерея

background image

фотосурет сақталып, телефон жаңа фотосурет түсіруге дайын болмайынша

телефонды қозғалтпаңыз.

Ұлғайту немесе кішірейту
Дыбыс деңгейі пернелерін қолданыңыз.

Белгілі бір нысанға немесе аймаққа фокус жасау
Экрандағы нысанды не аймақты түртіңіз.
Фокусты түрту әрдайым қосулы болады. Алайда, ол альбомдық немесе спорттық

оқиға режимдерінде жұмыс істемейді.

Фотосурет түсіру кезінде, фокус нүктесін өзгертпестен фотосуретті қайтадан

құруға болады.

Түсіру кезінде фотосуретті қайта құру

1 Фокусты орнату үшін, белгішесін басыңыз. Көк түсті тік төртбұрыш

көрсетілгенде, нысан фокусқа алынады.

2 Фотосуретті қайта құрыңыз.
3 Фотосурет түсіру үшін, саусағыңызды көтеріңіз.

Кеңес: Фотосуретті түсіргеннен кейін бірден таңдаулы етіп белгілеу үшін,

белгішесін басып, экранды түртіп құралдар тақтасын ашыңыз да, белгішесін

басыңыз. Кейін, фотосуретті Галерея қалтасының қосымша бетінде табуға

болады.

Бет анықтау мүмкіндігімен адамдардың беттері анық көрінетін суреттерді түсіруге

болады. Ол фокусты, ақ түс балансын және экспозицияны оңтайландырып,

қозғалыстағы беттің айналасына тіктөртбұрыш сызады. Алайда, ол альбомдық,

спорттық, түнгі және ортақ көрініс режимдерінде жұмыс істемейді.

Бет анықтау мүмкіндігін қосу немесе өшіру
Параметрлер аймағын түртіңіз де,

Бетті анықтау

мүмкіндігін қосыңыз немесе

өшіріңіз.

Фокусты жылжыту үшін экран түртілгенде, бет анықтау мүмкіндігі өшеді. Оны

қайтадан қосу үшін, экранның ортасын түртіңіз. Бет анықтау мүмкіндігі камераны

басқа көріністен қайтарған кезде де өшіріледі.

Телефоныңызбен түсірілген фотосуреттер мен бейнелер Галерея қалтасына

сақталады. Галерея қалтасын ашу үшін, белгішесін басыңыз.

Камера және Галерея

71