Қатынас кодтары
PIN коды
(4-8 сан)
Бұл SIM картаны рұқсат етілмеген пайдаланудан қорғайды
және кейбір мүмкіндіктерге қатынасу үшін қажет.
Телефонды қосылғанда PIN кодын сұрайтын етіп реттеуге
болады.
SIM картамен бірге берілмесе немесе кодты ұмытсаңыз,
қызмет жеткізушісіне хабарласыңыз.
Кодты қатарынан үш рет қате терген жағдайда, кодтың
құлпын PUK кодымен ашу керек болады.
PUK коды
(8 сан)
Бұл PIN кодты бұғаттаудан шығару үшін қажет.
Егер кодтар SIM картасымен бірге берілмеген болса,
провайдермен хабарласыңыз.
IMEI нөмір
(15 сан)
Бұл әрекет желідегі жарамды телефондарды анықтау үшін
қолданылады. Нөмірді пайдаланып та, мысалы, ұрланған
телефондарды құлыптауға болады.Nokia Care
қызметтерінің нөмірін беруіңіз қажет болуы мүмкін.
Кеңестер 111
IMEI нөмірін көру үшін *#06# нөмірін теріңіз.
Құлыптау коды
(қауіпсіздік коды)
(мин. 5 сан немесе
таңба)
Бұл әрекет телефонды рұқсатсыз қолданудан қорғайды.
Телефонды сіз белгілеген құлыптау кодын сұрайтын етіп
реттеуге болады.
Кодты құпия әрі телефоннан бөлек сенімді жерде сақтаңыз.
Қауіпсіздік кодын ұмытып, еске түсіру мүмкін болмаса,
телефонды қайта пайдалану мүмкіндігі болғанша жеке
ақпаратыңыз жойылатын болады. Қауіпсіздік кодын қате
енгізу әрекетінің санын белгілеген болсаңыз, соңғы енгізу
әрекетінен кейін телефоныңыз деректеріңізді жойып, өзін
бастапқы параметрлерге қайтарады. Енгізу санының
шектеуі жоқ болса, телефонды пайдаланбас бұрын жөндеу
керек болады.
Қосымша ақпаратты Nokiа Care орталығына немесе
телефон дилеріне хабарласып алыңыз.