Nokia N9 64GB - Сенсорлы экран әрекеттері

background image

Сенсорлы экран әрекеттері
Телефоныңызды пайдалану үшін, экранды түртіңіз немесе басып тұрыңыз.

Қолданбаны ашыңыз немесе элементті таңдаңыз.
Қолданбаны немесе элементті түртіңіз.

Бастапқы көрініске қайту
Қолданбадан шығып, бастапқы көрініске қайту үшін, сенсорлы экранның

сыртынан экранға саусағыңызды жүргізіп өтіңіз. Саусағыңызды экранның сол, оң

немесе астыңғы жағынан жүргізіп өтуге болады. Қолданба фондық режимде

қосулы болып қалады.

20

Негізгі қолданыс

background image

Кеңес: Ағымдағы қолданбаны жабу үшін, саусақты экранның жоғарғы жағынан

жүргізіңіз. Қолданбадағы сақталмаған деректер жоғалып кетуі мүмкін.

Қағып қалу
Саусақты экранға қойып, қалаған бағытта айналдырыңыз.

Мысал: Бастапқы көріністерді ауыстырып қосу үшін, солға не оңға қарай қағып

қалыңыз. Тізім немесе мәзірдің ішінде айналдыру үшін, саусағыңызды жоғары не

төмен сырғытыңыз.

Қосымша опцияларды көру үшін, түртіп, ұстап тұрыңыз
Мәзір ашылғанша саусақты элементке қойыңыз.

Мысал: Контакт картасын жіберу немесе дабылды жою үшін, контактіні немесе

дабылды басып тұрып, керекті опцияны таңдаңыз.

Негізгі қолданыс

21

background image

Элементті сүйреу
Элементті түртіп тұрып, саусақты экран бетімен сырғытыңыз. Элемент

саусағыңызбен бірге жылжиды.

Мысал: «Қолданбалар» көрінісіндегі қолданбалардың ретін өзгерту үшін, керекті

қолданбаның белгішесін түртіп, басып тұрыңыз да, басқа бағытқа қарай

сырғытыңыз.

Ұлғайту немесе кішірейту
Екі саусақты фотосурет немесе веб-бет сияқты элементке қойып, саусақтардың

арасын қосыңыз немесе ашыңыз.

Көріністің арнайы опцияларын ашу
Ағымдағы ашық қолданбаның ішіндегі белгішесін түртіңіз.

Параметрді қосу немесе өшіру
Қосқышты түртіңіз.