Телефонды қайта өңдеуге дайындау
Жаңа телефон сатып алған жағдайда немесе басқа себеппен телефонды тастау
керек болса, Nokia компаниясы телефонды қайта өңдеуді ұсынады. Телефоннан
жеке ақпаратыңызды және мазмұныңызды алдын ала жойыңыз.
Мазмұнды толығымен өшіру және баптауларды әдепкі зауыттық мәндеріне
келтіру
1 Үйлесімді компьютерге сақталатын мазмұнның сақтық көшірмесін жасаңыз.
2 Барлық белсенді байланыстар мен қоңырауларды аяқтаңыз.
3
және
Қалпына келтіру
>
Құрылғы мәліметтерін өшіру
тармағын
таңдаңыз.
Бұл процесс бірнеше минуттай уақыт алуы мүмкін.
Телефонды басқару 109
4 Телефон өшіріледі. Айналып тұратын белгіше экраннан жоғалғанша күтіп,
телефонды қайтадан қосыңыз. Контактілер, фотосуреттер, музыка,
бейнелер, жазбалар, хабарлар, хаттар, көрсетілімдер, ойындар сияқты жеке
мазмұныңыздың және басқа орнатылған қолданбалардың жойылғанын
тексеріңіз.
SIM картасында сақталған мазмұн жойылмайды.
SIM картасын телефоннан міндетті түрде шығарыңыз.