Mail for Exchange қызметі туралы
Компьютердің алдында отырғанда да, телефонмен қозғалыста болғанда да
жұмыс поштасы, контактілер мен күнтізбенің әрдайым қол жетімді болуын
қалайсыз ба? Телефон мен Microsoft Exchange арасындағы маңызды мазмұнды
қадамдастыруға болады.
және
Есептік жазба қосу
>
Mail for Exchange
тармағын таңдаңыз.
Mail for Exchange қолданбасын компанияда Microsoft Exchange сервері бар болған
жағдайда ғана орнатуға болады. Оған қоса, компанияның АТ әкімшісі есептік
жазбаңызға Microsoft Exchange ActiveSync мүмкіндігін қосып қоюы қажет.
64
Хабарлар және әлеуметтік желілер
Mail for Exchange функциясын қолдану PIM ақпаратын әуе арқылы Nokia
құрылғысы мен рұқсат етілген Microsoft Exchange серверінің арасында
қадамдастырумен шектелген.
Mail for Exchange қолданбасын орнатпас бұрын, төмендегілердің бар екенін
тексеріңіз:
•
Корпоративтік пошта мекенжайы
•
Exchange серверінің атауы (компанияның АТ бөліміне хабарласыңыз)
•
Желілік домен аты (компанияның АТ бөліміне хабарласыңыз)
•
Кеңсе желісінің құпия сөзі
Компанияның Exchange сервер конфигурациясына байланысты, басқа да
мәліметтерді енгізу қажет болуы мүмкін. Егер дұрыс мәліметті білмесеңіз,
компанияның АТ бөліміне хабарласыңыз.
Mail for Exchange есептік жазбаңыздың параметрлерін орнатқаныңызда,
телефоныңыз қауіпсіздік кодын белгілеуіңізді сұрауы мүмкін. Mail for Exchange
әкімшісінің қауіпсіздік талаптарына қарай, Автоматты түрде құлыптау және
Мүмкіндіктер саны сияқты телефоныңыздың құлыптау параметрлері де өзгеруі
мүмкін. Қауіпсіздік кодын белгілеп болғанда, телефон біраз уақыт
пайдаланылмаған кезде автоматты түрде құлыптанады. Телефонды қайта
пайдалану үшін, кодты енгізу керек болады.
Mail for Exchange есептік жазбасын орнатқанда, анықталған аралықтарда
қадамдастыру автоматты түрде жүргізіледі. Тек есептік жазбаның орнатылуы
қадамдастырылғанда анықталатын мазмұн. Қосымша мазмұнды қадамдастыру
үшін, Mail for Exchange параметрлерін өзгертіңіз.