Ескертулер мен арналарды көру
Әлеуметтік желі қызметіндегі контактілеріңіз бен таңдаулы веб-арналар жіберген
соңғы хабарлардың барлығын алынған ескертулермен бір жерден оқыңыз.
Оқиғалар көрінісінде төмендегілер болады:
•
Мысалы, қабылданбаған қоңыраулар, оқылмаған хабарлар және
бағдарламалық құрал жаңартулары туралы ескертулер.
•
Әлеуметтік желі қолданбалары сияқты түрлі қызметтер мен қолданбалардың
жіберілімдері мен веб-жіберілімдер.
Оқиғалар көрінісіндегі элементтер өзара әрекеттеседі. Мысалы, толық көру керек
арнаны таңдаңыз.
Мысал: Ұсынылған бағдарламалық құрал жаңартуларын тексеру және орнату
үшін, белгішесі бар ескертуді таңдаңыз.
Әлеуметтік желі қызметтерінің есептік жазбаларын орнатқаннан кейін,
достарыңыздың күй жаңартулары автоматты түрде Оқиғалар көрінісінде
бейнеленеді. Сол сияқты, веб-жіберілімдерге жазылғанда,
Арнаны бастапқы
экранда көрсету
опциясын іске қоссаңыз, жіберілімдер автоматты түрде
көрсетіледі.
Кеңес: Арналарды автоматты түрде жаңартуға болады. Оқиғалар көрінісінде
Жаңарту
опциясын таңдаңыз.
Ағымдағы арнаны белгілі бір қолданба немесе қызметтен жою
Арнаны таңдап, басып тұрыңыз да,
нысанын өшіру
опциясын таңдаңыз.
Бұл арнаны өшірмейді.
Қызметті қолдану немесе мазмұнды жүктеп алу үлкен мөлшерде деректердің
тасымалдануына апаруы мүмкін. Бұның нәтижесінде дерек трафигі үшін ақы
алынуы мүмкін.
32
Қалау бойынша реттеу