Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат
Бұл құрылғы ішке орнатылған, ажыратылмайтын зарядталатын батареямен жабдықталған. Батареяны ажыратуға
тырыспаңыз, құрылғыны зақымдауыңыз мүмкін. Батареяны ауыстыру үшін, құрылғыны жақын жердегі өкілетті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
Бұл құрылғы келесі зарядтағыштан қуат алу кезінде пайдалануға арналған: AC-16 . Nokia зарядтағышы үлгісінің нақты
нөмірі қосқыш түріне қарай әртүрлі болады, олар E, X, AR, U, A, C, K, B немесе N әріптері бойынша анықталады.
IEC/EN 62684 стандартына сәйкес келетін және құрылғының шағын USB ұясына қосылатын үшінші тараптың
зарядтағыштары үйлесімді болуы мүмкін.
Батареяны жүздеген мәрте зарядтап, зарядсыздандыруға болады, бірақ ол ақыры тозады. Сөйлесу және күту
режимдерінің уақыты қалыпты уақыттан айтарлықтай қысқарғанда, батареяны ауыстыру үшін құрылғыны ең жақын
орналасқан қызмет көрсету орталығына апарыңыз.