Төтенше қоңырау шалу
1
Телефонның қосулы екенін тексеріңіз.
2
Сигнал күшінің жеткіліктілігін тексеріңіз. Сондай-ақ, төмендегілерді істеуіңіз қажет болуы мүмкін:
•
SIM картасын салыңыз.
•
Ұшу режимі қосылмағанын тексеріңіз.
•
Телефон экраны мен пернелері құлыптанған болса, құлпын ашыңыз.
3
Қолданбалар көрінісіне өтіңіз де,
және белгішесін басыңыз.
4
Жергілікті аймақтағы ресми жедел жәрдем нөмірін енгізіңіз. Төтенше қызмет нөмірлері әр жерде әртүрлі болады.
5
Қоңырау шалу үшін, белгішесін басыңыз.
6
Қажетті ақпаратты мүмкіндігінше дәл беріңіз. Рұқсат берілгенге дейін байланысты аяқтамаңыз.
PIN, PUK немесе қауіпсіздік кодын терместен төтенше қоңырау шалу
1
Телефонда код сұралғанда,
белгішесін басыңыз.
2
Жергілікті аймақтағы төтенше қызмет нөмірін енгізіңіз.
3
Қоңырау шалу үшін,
Қоңырау
пәрменін таңдаңыз. Төтенше қызмет нөміріне қоңырау шалғаннан кейін,
телефонның басқа функцияларын пайдалану мүмкін болуы үшін, қажетті PIN, PUK не қауіпсіздік кодын енгізу
керек.
Телефонды алғаш рет қосқанда, Nokia есептік жазбасын жасау сұралады. Есептік жазбаның параметрлерін орнату
барысында төтенше қоңырау шалу керек болса,
белгішесін басыңыз.
Маңызды: Төтенше қоңырауларды ұялы телефон арқылы шалуға болады. Төтенше қоңырауларды Интернет
арқылы жасалатын дауыстық қоңыраулар (Интернет қоңыраулары) арқылы шалу мүмкін емес. Байланыстың барлық
жағдайда жүзеге асырылатынына кепілдік берілмейді. Медициналық жәрдем шақыру сияқты маңызды байланыс
орнату үшін тек сымсыз құрылғыға сенім артушы болмаңыз.